Анықтама телефоны (Алматы)

+7 (727) 222 31 39
+7 (747) 498 26 10

Ең талғампаздарға

арналған классикалық

және заманауи жиһаз

Білген пайдалы

DOMINI сауда белгісі туралы

Domini СБ жасалатын жиһаз Украинаның жиһаз нарығында өз сатып алушыларын әлдеқашан тапқан. Бүгінде «Domini » жиһазы Қазақстан Республикасының аумағында да ұсынылып отыр.

Бізден үстел немесе орындық, кереует немесе жатын бөлме, комод немесе тумбаны сатып алып, біздің жиһазымыздың бес негізгі артықшылығын бағалай алатыныңыз сөзсіз: сенімділік, ұзақ уақыт қызмет ету, әдемілік, экологиялық тазалық және қолжетімділік.

Подробнее...

Ағаштан жасалған жиһаз

Ағаш жиһаз бүгінгі таңда өз өзектілігін сақтап отыр, көптеген адамдар табиғи материалдардан жасалған экологиялық таза жиһазға ие болуды қалайды. Ағаш жиһаз саудасындағы көшбасшы орындардың бірін «DOMINI» сауда белгісі иеленеді. Бұл жиһаздың кең ауқымды түрлілігіне қарамастан, тамаша сапаға ие болуымен және табиғи ағаш – гевея сілемінен жасалуымен айқындалған. Гевея немесе каучук ағашы оңтүстік-шығыс Азияда таралған, дәл сол өңірдегі Малайзия мен Қытайда біздің сауда белгіміздің жиһаздары өндіріледі. Гевея ағашының қасиеттері мен арнайы өңдеудің арқасында гевея сілемінен жасалған ағаш жиһаз айрықша беріктікке ие, жәндіктердің ықпалына, температура мен ылғалдың ауытқуына төзімді болып табылады және сол себепті сізге ұзақ уақыт қызмет ететін болады.

Ағаш жиһаз интерьердің әртүрлі түрлерімен мінсіз үйлеседі

Гевея ағашын өңдеу қиын емес, сондықтан шеберлер әртүрлі пішін мен көлемдегі жиһаз өндіру мүмкіндігіне ие. Біздің жиһаз дизайнның алуантүрлілігімен және бірегейлігімен ерекшеленеді. Сіз әртүрлі жайлар мен интерьер стильдеріне сәйкес келетін жиһаз таңдай аласыз. Ауқымы көпқабатты үйлердің ыңғайлы шағын жатын бөлмелерінен бастап жеке үйлердің үлкен қонақүйлеріне дейін, классика мен модерн стильдерінен этно, кантри және прованс стильдеріге дейін ұсынылған.

Ағаш жиһаздың түрлері

Тауарлар тізімдемесінде әртүрлі ағаш жиһазының кең таңдауымен таныса аласыз. Жатын бөлмеңізге арналған табиғи ағаштан жасалған кереуетті таңдауыңызға немесе сіздің жатын бөлмеңізге жайлылық пен ыңғайлылық сыйлайтын дайын жиһаз жинақтарымен танысуыңызға болады. Бізде қонақүйлерге арналған жиһаздың кең таңдауы бар, тумбалар, трюмо мен серванттарды сатып алсаңыз немесе тамаша ағаш үстеліне таңдау жасасаңыз болады. Біздің сауда белгімізбен жасалатын үстелдер ең алуантүрлі талғам мен сұранысты қанағаттандыра алады, бізде журнал үстелдері мен жұмыс бөлмелеріне арналған жазба үстелдерден бастап ас үй мен асхана жинақтарына дейін ұсынылған. Әрине, сізге ағаш орындықтар да қажет болады, ал олардың түрлілігі жүз жиырма атаудан асып түседі, бұл әлбетте, сіз үшін мінсіз таңдау болатын ағаш орындықты таңдап алуға мүмкіндік береді.

DOMINI дүкендері

«DOMINI» сауда белгісінің ағаштан жасалған жиһаздарының барлық қолжетімді таңдауымен біздің тізімдемемізді жүктеп алып танысуға болады, ал жиһаздың бағасы сізді қуантатыны анық, прайсты жүктеп алсаңыз болды. Ағаш жиһазды Киев, Одесса, Запорожье мен Украинаның көптеген басқа қалаларындағы дүкен бөлімшелерінен сатып алуға болады. Біздің жиһазымыздың сізге тек қана жағымды көңіл-күй сыйлап, өзінің дизайнымен және жайлылығымен қуантып, оның сапасы мен сенімділігіне көз жеткізе аласыз деп үміттенеміз.

Created
by HotKot
© 2015 «Домини» ЖШҚ
Материалдарды қайта басу мен дәйексөз ретінде алуға сайтқа сілтеме жасалған жағдайда ғана рұқсат етілген

Байланыс